• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы  №407

457 рет
көрсетілді

2016 жылғы 29 маусым, Астана қаласы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын,  Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 89-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №15 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 18 ақпанда №10278 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 наурызда жарияланған); 2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 465 бұйрығының 1-тармағының 4) тармақшасы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 21 тамызда № 11919 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 қырқүйекте жарияланған); 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (М.С. Әбдікәрім) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды; 3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А.Суханбердиеваға жүктелсін. 5. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е.САҒАДИЕВ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №407 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 89-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды (бұдан әрі – азаматтар) есепке алу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады: Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкі (бұдан әрі – Республикалық деректер банкі) – жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы, сондай-ақ жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдар туралы мәліметтерді қамтитын деректер базасы. 3. Азаматтарды есепке алуды олардың тұрғылықты жері бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдары (бұдан әрі – орган) жүзеге асырады және олардың есебі Республикалық деректер банкінде жүргізіледі. 2-тарау. Азаматтарды есепке алу тәртібі 4. Азаматтардың есебіне: 1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдарды; 2) сот біреуін әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлеті шектеулі деп таныған ерлi-зайыптыларды; 3) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды; 4) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды; 5) егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы бала асырап алушыларды; 6) денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдарды. Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулар болған кезде, олардың тiзбесiн денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiлейдi; 7) тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарды; 8) дәстүрлi емес жыныстық бағдар ұстанатын адамдарды; 9) асырап алған кезде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар адамдарды, сондай-ақ осы тармақтың 14) тармақшасында көрсетілген адамдарды; 10) азаматтығы жоқ адамдарды; 11) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдарды; 12) асырап алған кезде асырап алынған баланы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды; 13) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды; 14) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және адамгершілікке, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы қылмыстық құқық бұзушылығы үшін соттылығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) қоспағанда, кәмелетке толған адамдар қойылады. 5. Құжаттарды ұсынуға дейін азаматтар электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) ресімдеуі және жеке электрондық поштасын тіркеуі қажет. 6. Азаматтар мынадай құжаттарды қоса отырып, өзінің тұрғылықты жері бойынша органға немесе Республикалық деректер банкі арқылы бала асырап алу ниеті туралы жазбаша өтініш береді: 1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 2) жақын туыстарының бала асырап алуға жазбаша келісімі (еркін нысанда); 3) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама (жұмыс орнынан еңбекақысы туралы анықтама, кәсіпкерлік қызметпен айналысудан түсетін және бірге тұратын отбасы мүшелерінің басқа да табыстары туралы анықтама); 4) отбасы жағдайы туралы анықтама (неке (ерлі-зайыптылық) қию (бұзу) туралы куәлігінің көшірмесі), балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері (балалар болған жағдайда)); 5) Кодекстің 91-бабының 1-бөлімінің 6) тармақшасына сәйкес азаматтардың науқастығының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама; 7) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттың көшірмесі. 7. Органға жүгінген кезде азаматтардың деректерін органның қызметкері ұсынылған құжаттардың негізінде Республикалық деректер банкіне енгізеді. Органның қызметкері азаматтарды Республикалық деректер банкінде өз логині арқылы тіркейді. Деректер енгізілгеннен кейін азаматтардың сауалнамасына орган қызметкерінің ЭЦҚ-сі қойылады. 8. Республикалық деректер банкіне жүгінген кезде азаматтар Республикалық деректер банкіне өз бетінше кіріп, жеке кабинет құру үшін «Кандидатты тіркеу» бетбелгісін белсендіреді. Жеке кабинетін құрғаннан кейін азаматтар сауалнама толтырады, құжаттардың сканерленген нұсқасын қоса беріп, өз ЭЦҚ-сін қояды. 9. Орган осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес азаматтардың бала асырап алуға үміткер болуына сәйкестігін, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес толықтығын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді. Тексеру қорытындысы бойынша орган азаматтардың сауалнамасы тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде олардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарауды жүргізеді. Азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қараудың мерзімі туралы хабарландыру Республикалық деректер банкінде азаматтардың жеке кабинетіне жолданады. Азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды тексеру актісі жасалады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтардың бала асырап алуға үміткер болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды дайындалады. 10. Азаматтар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес болған жағдайда, орган қорытындыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бала асырап алуға үміткерлерге Республикалық деректер банкі арқылы оң қорытынды береді және оларды бала асырап алуға үміткерлер ретінде есепке қояды. Оң қорытындыны алғаннан кейін азаматтар Республикалық деректер банкінде қамтылған асырап алуға жататын жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпаратқа қол жеткізеді. 11. Азаматтар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, орган қорытындыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бала асырап алуға үміткерлерге Республикалық деректер банкі арқылы бас тарту негіздемесі бар теріс қорытынды береді. Бұл ретте, егер азаматтар құжаттарды қағаз түрінде ұсынса, олар қайтарылуға жатады. Азаматтардың теріс қорытынды бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттiк органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сот органдарына шағымдану құқығы бар. 12. Республикалық деректер банкінде жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдар туралы мәліметтерді есепке алуды тоқтатуға: 1) тұлғаның баланы отбасында тәрбиелеуге қабылдауы; 2) Республикалық деректер банкінде ол туралы мәліметтерді есепке алуды тоқтату туралы өтініш; 3) тұлғаға баланы отбасына тәрбиелеуге қабылдау мүмкіндері берілген жағдайлардың өзгеруі; 4) баланы отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген тұлғаның қайтыс болуы негіз болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларына 1-қосымша нұсқа Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдардың есебінде тұруға ниет білдірген азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау АКТІСІ 1. Азаматтардың жалпы мінездемесі Тегі_________________________________________________________________ Аты_________________________________________________________________ Әкесінің аты (бар болған жағдайда)__________________________________________ туған күні____________________________________________________________ азаматтығы__________________________________________________________ білімі_______________________________________________________________ жұмыс орны ________________, лауазымы _______________________________ тұратын мекен-жайы __________________________________________________ некеде __________ бастап __________________ (тұрады, тұрмайды) (неке тіркелген күн) бұдан бұрынғы некелері ______ бастап ________ дейін (иә, жоқ) тегі _________________________________________________________________ аты _________________________________________________________________ әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________________________________ туған күні ___________________________________________________________ азаматтығы __________________________________________________________ білімі _______________________________________________________________ жұмыс орны ________________, лауазымы _______________________________ тұратын мекен-жайы __________________________________________________ некеде _________ бастап ____________ (тұрады, тұрмайды) (неке тіркелген күн) бұдан бұрынғы некелері ___________ бастап ___________ дейін (иә, жоқ) балалары ____________________________________________________________ (бар, жоқ) тегі _________________________________________________________________ аты _________________________________________________________________ әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________________________________ туған күні ___________________________________________________________ құқықтық қатынастары (күйеуімен және әйелімен бөлек-бөлек) _______________ бірге тұрады ________________________________________________________ (иә, жоқ) 2. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларының сипаттамасы жалпы ауданы _________ (ш.м.), тұрғылықты ауданы _________ (ш.м.) тұрғын бөлмелердің саны _____________________________________________ тіркелгендер ________________________________________________________ (тұрақты, уақытша) тұрады _____________________________________________________________, (тұрақты, уақытша) сонымен бірге ______________________________________________құқығымен (меншік иесі, жалдаушы, қосымша жалдаушы) үйдің, пәтердің тиесілілігі ______________________________________________ (мемлекеттік, жеке) тұрғын үйдің жайлылығы ______________________________________________ (абаттандырылған, абаттандырылмаған, ішінара жайлы) санитариялық-гигиеналық жай-күйі _____________________________________ (жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз) тұрғын үй туралы қосымша мәліметтер ___________________________________ 3. Отбасы мүшелерінің және бірге тұратын азаматтардың ерекшеліктері отбасының бірге тұратын басқа мүшелері: тегі _________________________________________________________________ аты _________________________________________________________________ әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________________________________ туған күні ___________________________________________________________ азаматтығы __________________________________________________________ жұмыс/оқу орны _______, лауазымы/мамандық _______, жылдық табысы _____ туыстық қатынастар ___________________________________________________ бірге тұратын басқа азаматтар: тегі _________________________________________________________________ аты _________________________________________________________________ әкесінің аты (бар болған жағдайда) _______________________________________ туған күні ___________________________________________________________ азаматтығы __________________________________________________________ жұмыс/оқу орны _______, лауазымы/мамандық _______, жылдық табысы ______ құқықтық қатынастар ________________________________________________ (жалдаушы, қосымша жалдаушы құқығы, басқа (көрсету) 4. Биографиялық деректер балалық шақта және жасөспірім кезеңдегі отбасы ахуалы ______________ ата-анасымен қарым-қатынасы _____________________________________ аға-інілерімен, апа-сіңлі-қарындастарымен, басқа туыстарымен қарым-қатынасы ________________________________________________________ 5. Отбасы ішіндегі өзара қарым-қатынастар отбасының бұрынғы ерлі-зайыптылық өмірінің сипаттамасы ______________ отбасының қазіргі уақыттағы жағдайы _________________________________ бала асырап алушылардың жеке қасиеттері _____________________________ қызығушылығы, бос уақытын өткізуі __________________________________ дүниетанымы ______________________________________________________ дінге ______________________________________________________________ бала тәрбиелеуге көзқарасы __________________________________________ балалармен қарым-қатынас тәжірибесінің бар-жоғы ______________________ жақын туыстарының бала асырап алуға көзқарасы _______________________ 6. Бала асырап алуға себеп _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ 7. Қорытынды _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ (баланы отбасына қабылдау үшін қажетті жағдайлар бар ма) _________ Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), тексеріс өткізілген тұлғаның лауазымы 20__ жылғы «____» __________ __________________ (қолы) «Таныстырылды»: ______________ Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), азаматтардың қолы ______________ Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), азаматтардың қолы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларына 2-қосымша нысан __________________________________________ (қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның атауы) Бала асырап алуға үміткер (үміткерлер) болудың мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы ҚОРЫТЫНДЫ (астын сызу) тегі _________________________________________________________________ аты _________________________________________________________________ әкесінің аты (бар болған жағдайда) __________________________________________ туған күні ___________________________________________________________ тегі _________________________________________________________________ аты _________________________________________________________________ әкесінің аты (бар болған жағдайда) _________________________________________ туған күні ___________________________________________________________ мекен-жайы (тұратын мекен-жайы, индекс) _______________________________ Отбасының сипаттамасы (құрамы, некенің ұзақтығы (қайта некеде болған кезде бұрынғы некеден балаларының бар-жоғы көрсетілсін), балалармен қарым-қатынас жасау тәжірибесі, отбасы мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынас, жақын туыстардың бар-жоғы және олардың бала асырап алуға көзқарасы, бала асырап алуға үміткерлердің мінез-құлық ерекшеліктері); ерлі-зайыптылардың біреуі бала асырап алған кезде екіншісінің бала асырап алуға келісімінің бар екені көрсетілсін). _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ Білімі және кәсіптік қызметі _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ Денсаулық жағдайының сипаттамасы (денсаулығының жалпы жай-күйі, бала асырап алуға кедергі келтіретін ауруларының жоқтығы) _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ Материалдық жағдайы (мүлкі, жалақысының мөлшері, табыстардың өзге түрлері) _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ Бала асырап алуға себеп _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ Азамат ______________________________________________________________ (өтініш берушінің (берушілердің) Т.А.Ә.(бар болған жағдайда) бала асырап алуға үміткер (үміткерлер) болуының мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы қорытынды ______________ Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), лауазымы 20__ жылғы «____» __________ М.О. __________________ (қолы) Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 4 тамыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №14067 болып енгізілді.